• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Маусым, 2022

Елордада 16-қабаттан секірген әйел қайтыс болды

143 рет
көрсетілді

Елорда тұрғыны көпқабатты үйдің 16-қабатынан секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусым күні «102» нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.

«Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты», делінген хабарламада.

Осыған қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.