• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2010

ЖОБА ДА, ЖОСПАР ДА КӨП

543 рет
көрсетілді

Екібастұз қалалық коммуналдық ша­руа­шылық  бөлімінің хабарына қарағанда, өткен жылы “Жол картасы” бағдарламасы бойынша қалаішілік жолдарды жөндеуге 800 миллион теңге қаржы бөлінген. Тозған лифтілер іске қосылып, ескірген подъездер жаңарып қалды. Бұл мақсат жергілікті әкім­діктің жыл бойына қабылдаған бағдар­ла­малары  мен арнайы кешенді іс-шара­ла­рының нәтижесі деп бағаланды. Бұдан ары қарай атқарылған көптеген жұмыстар­дың тізбесі елімізде жүргізілген “Жол кар­та­сы” бағдарламасына орай жалғасын тапты. Кеншілер қаласында, өндірісті өңір болғандықтан, жұмыс аз емес. Жүзеге асы­рылатын жоба да, жоспар да көп. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің хабарына қарағанда, бір ғана “Жол картасы” бағдарламасы бой­ын­ша  қала мен ауылдарда 79 әлеуметтік сала мекемелері іске қосылып, осы іс ба­ры­сында 2,5 мың жаңа жұмыс орнын құ­руға  мүмкіндік туса, 2449 жұмыссыз  71 кә­сіпорынға  әлеуметтік жұмыс орнына жұ­мысқа тұрыпты. Қала әкімдігі “Жол картасы” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, ең бастысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына баса назар аударды. Қалаға қарасты ауылдық аумақтарды сумен қамтамасыз ету қайта жаңғыртылса, бұл үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 1 млрд. 861 миллион теңге, соның ішінде “Жол карта­сы” бойынша 955 миллион теңге бөлінді. Ұзындығы 20,8 шақырым болатын су-арна  желілерін пайдаланатын 10 мекеме,  146 көп қабатты тұрғын үйдің    ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелері жөнделді. Сонымен қатар, 18,8 шақырым болатын аудандық маңызы бар ГРЭС-1 – Төртүй–Тай ауылдары аралығы,  ГРЭС-1–Бас­қа­мыс ауылы  жолдарына  жөндеу  жүргізілді. Қаланың Железнодорожная, Ә.Марғұлан, Энергетиктер, С.Торайғыров, Д.Қонаев атындағы көшелері жөнделді. Өткен жылы 63 лифтіге күрделі жөндеу жүргізілді, 12 лифт жаңадан құрылды. Бос қалған  23 үйдің 3-уі қайта қалпына келтіріліп,  пай­далануға берілді. Ал,  қазіргі таңда “Бисет и К” серіктестігі Энергетиктер көшесі №36 үйдегі тоғыз қабатты үйді қалпына келтіруде. Биылғы жылы “Жол қартасы” бағдарламасы аясында 3 мектепке 70,0 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізі­ле­тін болса, 295, 8 миллион теңгеге  қаланың ұзындығы 4,8 шақырым болатын шеткері көшелерін және су-кәріздік желілерін жөндеу жұмыстары ары қарай жалғасады. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.