• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Маусым, 2022

«Голден Стэйт Уорриорз» НБА чемпионы атанды

199 рет
көрсетілді

«Голден Стэйт Уорриорз» баскетбол командасы 8 жыл ішінде төртінші рет Ұлттық баскетбол қауымдастығының чемпионы атанды. Финалда ол Бостон Селтиксті 4:2 есебімен талқандады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Голден Стэйт Уорриорз» баскетболшылары НБА финалының соңғы үш ойынында жеңіске жетті. Бостон Селтикске қарсы матч 103:90 есебімен аяқталды. Ойыншы Стефен Карри 34 ұпаймен алға шықты. Бұл оның алты финалдағы ең жоғары нәтижесі.