Қазақстан Президенті Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін «Экспофорум» көрме орталығына келді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бұған дейін белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады. Мемлекет басшысы форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.