• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Президент 17 Маусым, 2022

ЕАЭО Азия және Таяу Шығыспен белсенде түрде сауда жасауы керек – ҚР Президенті

289 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақ Азия мен Таяу Шығыс нарықтарын қамти отырып белсенді сауда саясатын жүргізуі керек. Бұл туралы Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Менің ойымша, жаңа жағдайды ескере отырып, ЕАЭО аясында жаңа сауда стратегиясын әзірлеумен айналысу қисынды әрі пайдалы болар еді», деп тоқталды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пайымынша, Азия, Таяу Шығыс нарықтарын кеңінен қамти отырып, белсенді әрі тиімді сауда саясатын жүргізу керек.

Осы орайда Қазақстан «буферлі нарық» іспетті пайдалы рөлін таныта алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық интеграцияның нақты жетістігі маңызды түрде ортақ сауда стратегиясының тиімділігіне байланысты екенін атап өтті.