Қазақстан Мексикада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы алтын жүлде алды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
102 килоға дейін салмақта Никита Абдрахманов 348 кг (157+191 кг) бағындырып, топ жарды. Екінші орынды өзбек спортшысы алса, қола жүлдеге түрік зілтеміршісі қол жеткізді.