• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2010

ЖОЛ ҚАШЫҚТЫ ЖАҚЫНДАТАДЫ

602 рет
көрсетілді

Кеше “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы Орталық аппаратының ғимаратында мемлекеттік қаражат жұмсалуын Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолғы отырыс “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” халық­ара­лық транзиттік дәлізі жо­ба­сын жүзеге асыру” барысында бөлінген қаражатты орнымен жұмсауға арналды.  Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов нұротан­дық­тар алдында аталған жоба бойынша бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар жайы­нан есеп берді. Министрдің айтуынша, “Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай” мега-жобасының құры­лысы барысында 2 мың 452 шақырым жол қайта жөн­де­летін болады. Негізінен, осы халықаралық транзит дәлізі еліміздің 5 облысының аума­ғын қамтиды. Онда 7,9 мил­лион халық қоныстанса, құ­ры­лыс барысына қажетті инертті материалдар мен авто және темір жол тасымалдау­шы­ла­рын қоса есептегенде, 12 мың 62 адам жұмыспен қамтылып отыр. Бұған қоса, дәліз бой­ындағы облыстарда асфальт-бетон зауыттары салынса,  маусым айының соңына дейін тағы 7 зауыт іске қосылады. “Қазіргі таңда жолдың әрбір учаскесі бойынша атқарылатын жұмыстардың нақты мерзімдері белгіленген. Жоба бойынша барлық жұ­мыс­тар мен олардың атқарылу мерзіміне ыждағаттылықпен мониторинг жүргізудеміз. Егер белгіленген мерзім бұзылса, оған қатысты тиісті шара қол­данылады. Қорыта айтқанда, жобаны белгіленген уақы­тында, тиісті талаптарға толық жауап беретіндей деңгейде аяқтаймыз”, деді министр. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.