• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Маусым, 2022

Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім көлікпен адам қағып кетті

272 рет
көрсетілді

Toyota Camry көлігін тізгіндеген жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Жол апаты Мұхамеджанов пен Алтын Адам көшелерінің қиылысында болды. Ал рөлде болған 16 жастағы жасөспірімнің жүргізуші куәлігі болмаған.

Зардап шегуші Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Полиция медициналық тексеруден өткен жасөспірімнің мас күйде болмағанын айтты. Аталған фактіге сәйкес, «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.