• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Маусым, 2022

«Қазатомөнеркәсіпте» су құбыры жарылды

308 рет
көрсетілді

Кеше «Қазатомөнеркәсіп» Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында құбыр желісінде жарылыс болды, деп жазады Egemen.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шамамен 10 метр биіктікте су субұрқақша шашырады. Оқиғаны жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.

Кәсіпорынның хабарлауынша, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ЖЭО-3 сол жақ теңіз су құбырында қарау люгінің разгерметизациясы жүргізілді.

«Бірінші теңіз су құбыры бойынша су беру тоқтатылды. Бірақ екінші су құбыры сол қалпы жұмыс істейді. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіпорын тарапынан ауыз су мен электр энергиясын өндіруге ешқандай шектеулер жоқ», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар