• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Маусым, 2022

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер әзірленді

501 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министрлігі кейбір заңнамалық актілерге «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, Азаматтық кодекске бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға, жосықсыз бәсекелестікке бағытталған қызметке тыйым салынатыны туралы түзетулер енгізу ұсынылады.

Сонымен қатар монополистік қызмет заңмен реттеледі. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін шарттың талаптары маңызсыз болады.

Азаматтық кодексте 447-бапқа түзету енгізіледі:

Тауарларды сату орындарында, оның ішінде электрондық сауда алаңдарында қою, олардың үлгілерін көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәліметтерді (сипаттамаларды, каталогтарды, фототүсірілімдерді және т. б.) ұсыну, сатушы сатып алу-сату шартының бағасы мен басқа да елеулі талаптарының көрсетілгеніне қарамастан, жария оферта деп танылады. 

Бұдан басқа «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі.

Заң жобасы 8 шілдеге дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.