• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қаржы 20 Маусым, 2022

Ұлттық қорға түскен салық көлемі ұлғайған

206 рет
көрсетілді

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары–Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Есеп комитеті Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт сомасының ұлғайғанын айтқан болатын. Әсіресе, қазіргі шығынды өтеуге ерекше назар аударған. Дегенмен, трансферттердің өсуі әлеуметтік міндеттемелерді, дағдарысқа қарсы шараларды, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру және пандемия жағдайында экономикадағы іскерлік белсенділікті қолдау қажеттілігімен байланысты болды. Өз кезегінде, 2020 жылмен салыстырғанда өткен жылы мұнай секторынан Ұлттық қорға түскен тікелей салық түсімдерінің көлемі 1,8 есеге ұлғайғанын атап өткім келеді», деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша, биылдан бастап кепілдендірілген трансферттің мөлшерін айқындауда контрциклдік бюджет қағидалары ескеріледі.

«Жаңа тәсілдерге сәйкес Ұлттық қордан бюджетке алынатын қаражат мұнай секторынан түсетін қор кірістерінен аспайтын болады. Сондай-ақ бюджеттің шығыстарына да шектеу қабылданды. Бұл Қордың жинақтау функциясын күшейте отырып, активтерді көбірек жинауға мүмкіндік береді», деді Үкімет басшысының орынбасары.