Қазақстан мен Израиль арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда саяси байланыстардың ажырамас бөлшегі болып табылатын парламентаралық қатынастар үйлесім тауып келеді. Кнессет депутаты, парламентаралық “Израиль-Қазақстан” достық ассоциациясының төрайымы Фаина Киршенбаумның қазақстандық сенаторға, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтановқа арнаған сөзінде саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды өрістетуде парламентаралық үнқатысудың рөлі аталып өтілді.
“Дағдарыстан кейінгі өсу, экономиканың жедел әртараптануы, адам капиталына инвестиция жасау, халық өмірінің сапасын жақсарту, халық бірлігі мен ұлттық қауіпсіздікті нығайту. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауында Қазақстан басшысының таяу 10 жылға белгіленген осындай негізгі бағыттары нақты көрінеді, олар Израильде түсіністік пен қолдау тауып отыр”, – деп жазады Кнессет депутаты.
Қазақстан бұрыннан халықаралық назарға алынып келеді. Еліміз бен Президент Н.Назарбаевтың халықаралық қоғамдастықта елеулі түрде өсіп келе жатқан беделі туралы, саяси және экономикалық реформалардың танылуы туралы ЕҚЫҰ-ға қазіргі төрағалық етуімен дәлелденіп отыр.
Ислам әлемі де Қазақстанды, оның ішінде Орталық Азия аймағындағы жетекшілігін таниды. Мұсылман елдерімен шекараласатындықтан, біз үшін мұсылман әлемімен де байланыстар аса маңызды. “Кнессет депутаты және Израиль-Қазақстан парламентаралық ассоциациясының төрайымы ретінде мен Қазақстанда жиі боламын, – деп жазады Ф.Киршенбаум. – Сапар кезінде мен Сенат және Мәжіліс депутаттарымен, саясаткерлермен және іс адамдарымен кездесемін, нәтижеге қол жеткізуге және ұлтаралық теңдікті сақтауға бағытталған ұлттың көңіл-күйі ұнайды”.
“Үстіміздегі жылы, күзде біз қазақстандық депутаттарды Израильде күтеміз”, дей отырып, ол Қазақстан экономикасын жедел индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қолдауға израиль жағының әзірлігін атап өтті.
Ф.Киршенбаумның пікірінше, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Қазақстан-Израиль комиссиясының 5 отырысында өнеркәсіп, мәшине жасау, медицина, білім беру, ауыл шаруашылығында осындай ынтымақтастықтың қажеттігі нақтыланды.
“Бізде дәстүрлі жылы шырайлы және достық негізіндегі қатынастарды дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Бізді көптеген жағдайлар: тілдің ортақтығы мен тіннің ұқсастығы байланыстырады. Мен бізбен тату Қазақстан халқына табыстар мен өркендеу тілеймін”, – деді өз сөзінде парламентаралық “Израиль-Қазақстан” достық ассоциациясының төрайымы, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.