• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Маусым, 2022

Түркістан облысында баласымен бірге жоғалып кеткен әйел табылды

136 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері кішкентай баласымен із-түссіз жоғалып кеткен әйелді Шымкенттен тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10 маусымда төрт айлық кішкентай баласымен бірге үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, із-түссіз жоғалған жас әйел Түркістан облысы полицейлерінің жүйелі және жоспарлы түрде жасаған жұмысының арқасында табылған.

14 маусымда Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, келіні мен төрт айлық немересі жоғалғанын айтып, көмек сұрай келген. Арыз түсе салысымен тәртіп сақшылары толық құрамда жұмылдырылып, іздеу жұмыстарын жүргізді. Полицейлер әйелдің баруы мүмкін деген орындарды тексеріп, таныстарының арасында сұрастыру жұмыстарын атқарды. 

Із-түссіз жоғалғандарды іздеу жұмысына еріктілер де тартылды. Тәртіп сақшылары жоғалған әйелдің айрықша белгілерін жазып, суретімен бірге бұқаралық ақпарат құралдарына, сайттарға жолдады. Шұғыл іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, 4 күнде із-түссіз кеткен әйел мен кішкентай нәресте Шымкент қаласындағы әйелдерге арналған дағдарыс орталығынан табылды.

Белгілі болғандай, жас әйел енесімен арасында болған отбасылық келіспеушіліктің салдарынан жақындарына айтпай кетіп қалған. Жоғалған келіншектің денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ, жағдайы жақсы. Туыстарына аман-есен тапсырылды. 

Соңғы жаңалықтар