Қазақстан құрамасының ойыншысы Айбол Әбікеннің «Б» сынамасының нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футболшының Ұлттар лигасы аясында Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы матч алдында тапсырған сынамасынан рұқсат етілмеген дәрумен табылған.
«Б» сынамасынан Айбол Әбікеннің ағзасында допинг болғаны анықталды. Енді футболшы ережеге сай жазаланады.