• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 21 Маусым, 2022

Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

166 рет
көрсетілді

Қазақстандық Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің 160-ракеткасы Михаил іріктеу додасының алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 173-орында тұрған италиялық Лоренцо Джустиномен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар бір рет кездесіп, онда Михаил басым түскен еді. Бұл жолы небәрі 52 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ол бәсеке барысында төрт брейк жасай білді.

Іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін Кукушкин әлемнің 230-ракеткасы, германиялық Филипп Кольшрайбермен кездеседі.