• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Маусым, 2022

Қостанай облысындағы өрт кезінде екі жасар бала көз жұмды

557 рет
көрсетілді

20 маусым күні түнде Қостанай облысының Жітіқара қаласында орналасқан жеке үйде қатты өрт болып, төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, куәгер 102 қызметіне қоңырау шалып, тұрғын үй ашық жалынмен жанып жатқанын хабарлады.

Оқиға орнына Жітіқара қаласының 12-ӨСБ күштері мен құралдары, құрамында бес қызметкер, екі бірлік техника, сондай-ақ Жітіқара ауданының басқа да шұғыл қызметтерінің өкілдері жіберілді.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ағаш веранда, ішінара кіреберіс және үйдің барлық периметрі бойынша созылған төбе ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.

«Оқиға орнында үй иесінің, оның ұлының, қызының және екі жасар немересінің денесі табылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», делінген хабарламада.