• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Маусым, 2022

Қарағандыда оқу орнының есепшісі ақша жымқырған

569 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласындағы оқу орындарының бірінің бас есепшісі 90 миллион теңгеге жуық ақша жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«Қаржылық мониторингтік агенттігі Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері тергеу барысында бас есепші 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамырына дейін жалақы, денсаулығын жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түріндегі негізсіз сомаларды өз шотына, есепші, директордың орынбасары, екі өндірістік үй-жайларды тазалаушы және мекеменің бейіндік бағытының бірінің оқытушысына жалақысын аударып отырғаны анықталды», делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, қылмыстық әрекеттен келген жалпы шығын 88 миллион теңге болып, 13 миллион теңгесі өтелген.

Дерекке қатысты соталды тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.