Бесқарағай ауданында Жетіжар ауылынан 30 шақырым жердегі «Грачев орманшылығы» Долон филиалының территориясынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шамамен 20 гектар алқапта құрғақ шөп пен ағаштар өртенді. Жақын елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД-ның 11 қызметкері, үш техникасы, орман шаруашылығының 30 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылған.
Құтқарушыларға Семей қаласынан құрамында 18 адамы бар колонна мен төрт өрт сөндіру көлігі, сондай-ақ жылжымалы байланыс торабы қосымша көмекке шыққан.