• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Маусым, 2022

Ауғанстанда жер сілкінді

354 рет
көрсетілді

Ауғанстанның Хост провинциясында 5,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тың геологиялық қызметі (USGS) алдымен жер сілкінісінің магнитудасын 6,1 деп жариялап, кейін оны 5,9-ға теңестірді. 

Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанның Пәкістанмен шекарасында орналасқан. Жергілікті уақыт бойынша 1:24-те болған жер сілкінісі ел астанасы Кабулда да сезілген. 

Зілзала Пәкістан астанасы Исламабад пен Пешавар сияқты шекараға жақын Пәкістанның ірі қалаларында да сезілді. Жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте болған. 

Ауғанстан билігі құрбандар мен қираған ғимараттар туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.