• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Үкімет 22 Маусым, 2022

Энергия үнемдеу туралы заң жобасына енгізілген өзгерістер қабылданды

448 рет
көрсетілді

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа енгізілген өзгерістерді Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, депутат Дүйсенбай Тұрғанов таныстырды.

Аталған құжатта пәтер иелері кооперативтері мен кондоминуимдардың орнына мүлік иелері бірлестіктері мен жай серіктестіктер қызметін енгізу шарасын келесі жылға қалдыру ұсынысы бар.

Жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулыны Мәжіліс депутаттары бірауыздан қабылдады.

Сондай-ақ палата төрағасы Ерлан Қошанов Үкіметке Мәжілісте қаралмаған кейбір нормаларды Сенатқа апарып, қайта алып келуді доғару керектігін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар