• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Маусым, 2022

Геодезия және картография салаларына өзгерістер енгізіледі

543 рет
көрсетілді

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қолданыстағы геодезия және картография туралы заң 2002 жылы қабылданған. 20 жыл ішінде геодезия мен картография саласында елеулі өзгерістер болды. Цифрлық технологиялар, спутник жабдықтары өндіріске енгізіліп, кеңінен қолданылып келеді. Кеңістік деректерінің дәлдігіне, өлшеу тиімділігіне деген талаптар өсті», деді Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, саладағы олқылықтар мен қайшылықтарды түзету үшін жаңа заң жобасын қабылдау - заман талабы.

«Геодезия және картография саласының жағдайы мемлекеттегі кадастр, жер мен мүлік қатынастарының сапасына тікелей әсер етуі өте маңызды. Демек, бұл әрбір азаматтың мүддесін қозғайды. Халықтың көпшілігі геодезия ғылымымен таныс емес. Біз тұратын әрі жұмыс істейтін ғимараттар, жүретін жолдар мен көпірлерді жобалау, салу кезіндегі қателіктерді жою, сондай-ақ ұшақтардың ұшуы мен қонуы кезіндегі кедергілерді анықтау және басқа да салалар геодезия өлшемдерінің дәлдігіне байланысты. Заң жобаларының негізгі міндеттері – Қазақстан Республикасын жоғары дәлдікті геодезия координаттар жүйесімен қамтамасыз ету және оның негізінде елдің бірыңғай цифрлық картография негізін құру», деді министр.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазір елімізде кеңестік уақыттан қалған 1942 жылғы СК-42 мемлекеттік координаталар жүйесі орнатылған. Бұл жүйе қазіргі заманның талаптарына сай емес, әбден ескірген, деректердің дәлдігі мен тиімділігі төмен. Заң жобасында қарастырылған жаңашылдықтардың бірі – Ұлттық кеңістік деректері инфрақұрылымын енгізу. Яғни ақпараттар дәл, жедел және өзекті болуы үшін кеңістік деректері бір платформада бірыңғай форматта және бірыңғай талаптарға сай құрылады.

Соңғы жаңалықтар