• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Маусым, 2022

ІІМ қызметкерлеріне қосымша ақы төленеді

354 рет
көрсетілді

2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Ішкі істер министрлігі органдары жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлене бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қосымша ақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 389 Қаулысында көзделген.

Құжат 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Аталған қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, ауруханаларда ұсталатын адамдарды емдегені үшін медицина қызметкерлеріне төлеу көзделген.