• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Маусым, 2022

Елордада шомылуға тыйым салынған учаскелер аталды

357 рет
көрсетілді

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген Нұр-Сұлтанда су айдындарының 21 учаскесінде шомылуға тыйым салынғанын  айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада шомылуға тыйым салынған 21 учаске белгіленді. Олардың қатарында – Шұбар, Газмашаппаратура және Тельман тұрғын алабындағы, Триатлон паркі, Депутаттық қалашық маңындағы Есіл өзені, сондай-ақ Қарасу өзені, Ақбұлақ өзені, Нұра-Есіл арнасы және басқалары бар.

«Орталық қалалық жағажай», «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтарында суға түсуге рұқсат етілген.

Айта кетсек, қазір Ш.Бейсекова көпірі жанындағы орналасқан коммуналдық жағажайға қатысты әкімдік қаулысына толықтыру енгізу жұмысы басталды.

«Атқарылған жұмыстарға қарамастан, бүгінге дейін елорданың су айдындарында 3 адам суға кетті, оның үшеуі де – бала. Былтыр осы аралықта 2 адам суға кетіп, көз жұмды, оның ішінде біреуі – бала. Қаза болу фактілері суға шомылуға тыйым салынған және арнайы жабдықталмаған су айдыны аумағында тіркелген. 2022 жылы 4 адам құтқарылды. Алайда серуендеуге шыққандар құтқару қызметкерлерінің ескертуін елемей, оларға дауыс көтеріп, намысын таптайтындар, сол сияқты тыйым салу белгілері мен стендтерді бұзатындар бар», деді Ратбек Демеуберген.