• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Маусым, 2022

Әлемде маймыл шешегін жұқтырғандар саны мыңнан асты

116 рет
көрсетілді

ДДҰ бас директоры маймыл шешегін жұқтырған адамдардың жалпы саны мыңнан асқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы елде маймыл шешегімен 156 адам ауырып жатқанын мәлімдеді.

Ең көп жағдай, Калифорния штатында тіркелді, онда аталған індетке 40 адам душар болған. Ал Нью-Йоркте вирус жұқтырудың 22 жағдайы расталды.

АҚШ билігі Данияның Bavarian Nordic фармацевтикалық компаниясынан маймыл шешегінен вакцинаға тапсырыс беруді 1,9 миллионға дейін арттырды.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс қазіргі ауру аясында шешек маймылдарын жұқтырған адамдардың жалпы саны мыңнан асқанын айтқан.