• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Маусым, 2022

Сәуле Қисықова: Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті - Отанына адал қызмет ету

428 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Сәуле Кисикова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті мемлекеттік қызмет саласының мамандары! Сіздерді Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Дамыған мемлекеттің негізгі қозғаушы тетігі – жоспарлы саясаты мен нақты қадамдарын жүзеге асырушы мемлекеттік қызметкер болып табылады. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты іс. Мемлекеттік қызметші - іскерлік дағды қалыптастырған еліміздің ең маңызды идеяларының бастаушысы. 

Халқымызда «Жемісті жұмыс жаныңды жадыратады» деген қанатты сөз бар. Қашан да беделі биік, мақсаты айқын мемлекеттік қызметшінің басты міндеті - туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен айқындалады. Осы бағытта атқарған жұмыстарыңыз бен алға қойған міндеттеріңіз Сіздерді тек биіктен көрсете берсін.

Бүгінгі кәсіби мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге табыс тілеймін!» делінген құттықтауда.