• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2022

Қарағанды облысында орманды дала өртеніп жатыр

414 рет
көрсетілді

21 маусымда Бұқар жырау ауданындағы Белағаш орман шаруашылығы аумағында шыққан табиғи өрт сөндірілді. Ал Қарқаралы ауданында 400 және 500 га жерге жайылған өртке тікұшақпен су шашып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, Қарағанды облысына қарасты Белағаш орман шаруашылығы аумағындағы өрт 22 маусымда сағат 22:13-те жойылды.

Ведомсвто өрттің жалпы аумағы 101,5 га болғанын хабарлады. 

«Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД, ҚР ТЖМ 52859 ә/б, өртке қарсы ерікті құралымдардың орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдарының күштері жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Ал 21 маусымда Егіндібұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде шыққан өрт әлі сөндіріліп жатыр.

Төтеншеліктердің мәлімдеуінше, 22 маусымда шыққан өрттің екінші ошағының ауданы шамамен 500 гектарға жетті.

«Өртті сөндіруге барлығы 182 адам, 30 бірлік техника жұмылдырылды. ТЖМ тікұшақтарымен жанып жатқан учаскелерге су шашып жатыр. Тікұшақтар өрт ошақтарына 42 рет су шашты», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Департамент өкілдері өртті сөндіруге су қоймаларының алыстығы мен жел екіпіні кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар