• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2022

Қарағандыдағы орман өрті сөндірілді

531 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы орман өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 маусымда Бұқар жырау ауданындағы Белағаш орман шаруашылығында өрт шыққан. Тілсіз жау 101,5 гектарды шарпыды.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің қызметкерлері, орманшылар және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылды. Тілсіз жау 22 маусымда сағат 22:13-те толықтай өшірілді.

«Бұдан бөлек Қарқаралы ауданында екі жерден тұтанған дала өртімен күрес жалғасып жатыр. 21 маусымда Егіндібұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде өрттің аумағы шамамен 400 гектарды құрайды. Отты сөндіруге ТЖД құтқарушылары және орманшылар аттанды», делінген хабарламада.

22 маусымда шыққан екінші өрт 500 гектарды шарпыды. Қызыл жалынды ауыздықтауға 182 адам мен 30 техника жұмылдырылды.

«ТЖМ тікұшақтарымен жанып жатқан учаскелерге су шашу жұмыстары жалғасуда. Тікұшақтар өрт ошақтарына жалпы 42 рет су төкті. Өртті сөндіру таулы-жартасты жерлермен, су қоймаларының алыста болуымен, ауыспалы бағыттағы желдің қатты екпінімен күрделеніп отыр», делінген хабарламада.