• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2014

Германияда сыраға деген сұраныс кеміп келеді

346 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 сәуір. Германияда сыра зауыттарының саны өсіп, ал сыраға деген сұраныс керісінше төмендеп бара жатыр. Бұл туралы жергілікті статистика басқармасының ақпарына сілтеме жасаған Rambler.ru хабарлады. 2013 жылы Германияда 1349 сыра зауыты тіркелген. Олардың саны алдындағы жылмен салыстырғанда, 9 есеге көбейген екен. Сондай-ақ былтыр елде 94,6 гектолитр сыра сатылған. Бұл соңғы 14-15 жыл ішіндегі ең төмен көрсеткішті құрап отыр. Дегенмен, мамандар Германиядан шетелге экспортталатын сыра көлемінің едәуір өскенін байқаған. Германия сыра зауыттарының 600-ден астамы Баварияда, 200-ге жуығы Баден-Вюртемергте және150-ге жуығы Солтүстік Рейн-Вестфалияда орналасқан. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Rambler.ru. Фото: Puteshestviepomiry.ru.