• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Теннис 24 Маусым, 2022

Шешуші кезеңде ойнайды

107 рет
көрсетілді

Әлемнің 160-ракеткасы саналатын қазақстандық Михаил Кукушкин «Уимбл­дон» турнирінің негізгі кезеңіне жолдама беретін іріктеу сайыстарының финалына жолдама алды.

Кукушкин іріктеу сайыстарының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингте 230-орында тұрған 38 жастағы германиялық Филипп Кольшрайбермен күш сынасты. Бірінші партия тай-брейкке дейін созылып, германиялық спортшы жеңіске жетті – 7:6 (7:4). Есесіне екінші сетте қазақстандық тен­нисші есе қайтарды – 6:3. Ал үшінші, шешуші партияда Кукушкин 2:0 есебімен алға кетті. Есеп 5:2 болып, матчқа доп бергенде, қазақстандық теннисші сол мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен кейіннен бәрібір мақсатына жетті – 6:4. Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 178-ракеткасы мажарстандық Жомбор Пирошпен кездеседі. Оны жеңсе «Үлкен дулыға» жа­рысының негізгі кезеңіне жолдама алады.

Ұлыбританияның Истборн қаласындағы ATP 250 турниріне қатысып жатқан Қазақ­станның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Алек­сандр Бублик ширек финалға шықты. Екінші айналымда ол дүниежүзілік рейтингте 86-орында тұрған аустралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасып, екі сетте 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Александр жартылай финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы америкалық Тэйлор Фрицпен кездеседі.