Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, бір апта ішінде Қазақстанда 3 мыңға жуық қылмыс тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бір апта ішінде 2948 қылмыс жасалды, оның 1864-і тәулік ішінде ашылды», деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингте.
Ол полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруге қатысты қылмыстың бетін ашқанын нақтылады.
Сонымен қатар 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 1 қарақшылық, 37 тонау және 465 бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғасы анықталып, осы қылмыстардың мән-жайы анықталды.