Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Құтқарушылар Ертіс ауданында суға батып кеткен 19 жастағы қыздың денесін тапты.
«Денесі өзеннен 11:16-да шығарылды. Павлодардан бес адам, екі техника және бір жүзу құралы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен екі адам жұмыс істеді», деді аудандық бөлім бастығының міндетін атқарушы Азамат Нұрғожин.
Сондай-ақ ол 21 жастағы жігітті іздеу жалғасып жатыр деп қосты.
Естеріңізге сала кетейік, 26 маусымда қыз бен жігіт пикник кезінде суға батып кеткен. Олар ата-аналарымен жабдықталмаған жағажайда демалған.