• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2022

Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

156 рет
көрсетілді

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында 2,2 мыңнан астам мүгедек тұрақты жұмыс орындарына және 5 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар осы жылдың І тоқсанында халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмыс берушілер мүгедектігі бар 348 адамды жұмысқа қабылдады.

«Биыл көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 71 арнайы жұмыс орнын құру қарастырылған, жұмыс берушілердің жабдықталуына байланысты шығындарын субсидиялау қарастырылған», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлескен «Халықтық бақылау» әлеуметтік маңызы бар жобасы мүгедек адамдарды «халықтық бақылаушылар» ретінде тартуды көздейді. Бүгінде жобаға 164 кәсіпорын жұмылдырылып, 521 қызметкер жұмысқа орналастырылды.

Ведомствода атап өткендей, мүмкіндігі шектеулі адамдар бейнебақылау операторлары ретінде жұмысқа қабылданады, олар жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қадағалайды.

Жобаға қатысу үшін кадрларды іріктеу кезінде мүгедектікті (өндірістік жарақат, кәсіптік ауру, жалпы ауру) белгілеу себебі бойынша кәсіпорында жұмысын тастап кеткен қызметкерлерге артықшылық беріледі.