• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2014

«Өңір» депутаттық тобы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

370 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Өңір» депутаттық тобының көшпелі отырысы болды. Кездесу Қазақстан Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауы аясында шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік қолдау тақырыбын талқылауға арналды. Шараға «Өңір» депутаттық то­бы­ның мүшелері, сенатор­лар Ермек Жұмабаев, Қуа­ныш Айтаханов, Светлана Жалма­ғам­бетова, Асхат Күзеков, Орынбай Рах­манбердиев, Жұмабек Төрегел­динов, Мұрат Бақтиярұлы, Оң­түстік Қазақстан облысының әкі­мі Асқар Мырзахметов, Өңірлік даму министрінің бірінші орынба­сары Қайырбек Өскенбаев, Ауыл шаруа­ш­ылығы министрінің орын­басары Сапархан Омаров, об­лыс­тық мәслихаттың депутаттары, жергілікті органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. «Қазақстан-2050» Стра­те­гия­сының маңызды бағыттарының бірі – шағын және орта бизнестің дамуына неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Мемлекет басшысы «біздің эко­номикамызда шағын және орта бизнестің үлесі неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым Қазақ­станның дамуы тұрақты бола­ды» деп бірнеше рет атап айтқан болатын», – деді Парламент Сена­тының депутаты, «Өңір» депутатт­ық тобының жетекшісі Ермек Жұмабаев. Еліміздің Президенті ішкі жалпы өнім құрамындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін кө­бейту үшін алға бірқатар мін­деттер қойды. Атап айтқанда, жекеменшік институттарын заңна­малық тұрғыдан нығайту бойынша кешенді шешімдер қабылдау, бизнестің дамуына кедергі келтіретін инертті құқықтық нормалардың күшін жою, осы сектор субъектілері банкроттығының нақты тетігін енгізу, кейіннен орта бизнес қатарына ауысу перспективасымен шағын бизнестің мамандануын дамыту бойынша шаралар колдану, жұмысын жаңадан бастап жатқан бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасау көзделіп отыр. Елбасының осы­нау жасампаз саясатын заң тұр­ғы­сынан қамтамасыз етуге Пар­ламент Сенатының депутаттары да, оның ішінде «Өңір» депутаттық тобы да өз үлесін қосатын болады. «Қазіргі уақытта, республикада 871,5 мың шағын және орта кә­сіпкерлік субъектісі жұмыс істей­ді, 2,6 миллион адам жұмыс­пен қамтылған, олар 9 019,7 мил­лиард теңгенің өнімін шығара­ды. Еліміздің 17 қаласында кәсіп­кер­лерге қызмет көрсету орталығы құрылды, олар былтыр 22 074 консультация берді. 27 моноқаланың барлығында кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр. 2014 жылы 160 аудан орталығының барлығында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады», – деді Е.Жұмабаев. Көшпелі отырыс барысын­да сенаторлар Оңтүстік Қазақ­стан облысындағы кәсіпкер­лер­ге қызмет көрсету орталық­тары­ның жұмысымен танысты. Онда депутаттарға Үдемелі индус­триялық-инновациялық даму мем­лекеттік бағдарламасын іске асыру жайы көрсетілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.