Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері комитетінде Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатовтың төрағалық етуімен Бас әскери прокуратураның жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысында Қазақстан Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасының кейбір мәселелері қаралды.
Қоғамдық кеңес отырысына Қарулы Күштер Бас штабының, Ішкі әскерлер комитетінің, Шекара қызметінің бірінші басшыларының орынбасарлары және әскери полиция органдары басшылары қатысты.
Абай Тасболатов әлі де болса қол сұғушылықтың негізгі нысаны ретінде бюджеттік қаражат, әскери мүлік және қолдан ұйымдастырылған әкімшілік кедергілер болып табылатынын атап өтті.
Отырыс барысында әскери ведомстволар өкілдерінің есептері тыңдалып, тәртіптік комиссиялардың рөлін күшейту бойынша және әскери саладағы сыбайластық тәуекелділікті тыюға бастау болатын әскери басқару органдарының құқық қорғау органдарымен анағұрлым тығыз әрекеттестікті орнату туралы конструктивті ұсыныстар талқыланды.
Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.