ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев салық саясатындағы жаңашылдықтар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында Қаржы министрі өткен аптада Парламент пайдалы қазбаларды игеру салығының мөлшерін көбейту мәселесін қарағанын еске салды.
«Бұл жылына бюджетке 200 млрд теңгеге дейін қосымша түсім алуға мүмкіндік береді. Негізі бұл мәселені біз бизнеспен, таукен кәсіпорындарымен талқылап бастаған кезде 300 млрд теңгенің межесі қойылған еді. Бірақ ұзақ талқылаулардан кейін ортақ бір тоқтамға келдік. Бірақ келесі жылы кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады. Ондай кәсіпорындар 5 жылдың ішінде 15% тиімділікке қол жеткізуі керек», деді Ерұлан Жамаубаев.