Қазгидромет синоптиктері 29 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады таңертең және күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 44 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда күндіз 29 маусымда 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с жылдамдықпен соғады.
29 маусымда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с күтіледі.
29 маусым күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады 15-20 м/с. г. Атырау: 29 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады.
Күндіз 29 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Kүндіз қатты ыстық 37 градус күтіледі.
Абай облысының орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Kүндіз қатты ыстық 38 градус күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
29 маусымда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. 29 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 40-41 градус қатты ыстық, облыстың батысында, шөлді аудандарында 45 градус өте қатты ыстық болады.
Шымкент қаласында күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысының оңтүстігінді, орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз көптеген аймағында 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодарда 29 маусымда күндіз найзағай, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.