• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2014

Комиссияның Бішкектегі отырысы

213 рет
көрсетілді

Жақында Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин ТүркПА Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының Бішкекте өткен 3-ші отырысына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Шара түркі тілдерін дамыту мәселелеріне арналды. Отырыс барысында түркі тілдерінің қазіргі кездегі жағдайы мен оның қолданыс аясын кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды. Кеңесте сөз алған сенатор Н.Оразалин түркі халықтары тарихының тамырластығы және тілдері туыс екені жайында айта келіп, қазіргі кезде түркі тілдерін озық ғылым мен білім және мәдениет тілдеріне айналдыру қажеттігіне назар аударды. Пікірсайыс барысында жоғары оқу орындарында түркі тілдерінің бірінен екіншісіне кәсіби деңгейде тәржімалай алатын аудармашылар дайындау мәселелері де көтерілді. Отырыс қорытындысы бойынша түркі тілдес мемлекеттердің басқа халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылына қатысты ұсыныстар қабылданды.