• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2014

Қаржылай сауықтыру қалай жүзеге аспақ?

370 рет
көрсетілді

2014 жылға ауыл шаруашылығы бойынша Жол картасындағы бірінші реттік шараларды 3 блокқа топтастыруға болады. Олар – АӨК субъектілерін қар­жылай сауықтыру шаралары; инвес­тициялық субсидиялау бойынша шаралар; инвестициялық жоспарларды пайдалануға енгізу. Жуықта ел Үкіметінің отырысын­да АӨК субъектілерін қаржылай сауық­тыру ережелері қабылданды. Қаржылай сауықтырудың қосымша шараларын әзірлеп, ұсыныстарды топтастыру үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) негізінде Кредиторлар кеңесі құрылды. Сондай-ақ, ҰКП негізінде Кредиторлар комитеті қызмет етеді. Олар әрбір ірі қарыз алушы бойынша қаржыландыру шараларының мүмкіндігі мен мақсаты жайында өзара шешім қабылдайды. Қазіргі таңда 8 қаржылық инс­титуттардан 48 АӨК субъектілерін ақшалай қаржыландыру үшін өтінімдер келіп түсті. Болжам бойынша, 2014 жылы АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру көлемі шамамен 150 млрд. теңгені құрамақ. Екінші блок бойынша инвестициялық сауықтыру жобасы әзірленді. Бүгінгі таңда ол барлық мүдделі жақтармен пысықталуда. Үшінші блок бойынша 2014 жылы КазАгро бағыты бойынша 66 жобаның енгізілуі жоспарлануда. Оның бірінші жартыжылдығында 12,5 млрд. теңге көлемінде 11 инвестициялық жоба, соған қоса 3 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша енгізіледі. Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізген талдау көрсеткендей қайта өңдеу саласын дамытуын тежеп отырған факторлар төмендегілер. Бірінші. Қымбатшылық және шикізат сапасының төмендігі. Демек, кәсіби ауыл шаруашылығы құрылымдарын дамыту қажет. Екінші. Құрал-жабдықтар ескірген. Ол үшін инвестициялық субсидиялау арқылы қайта өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту жұмыстарын ынталандыру, лизинг пен кредиттік ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Үшінші. Салық салу бойынша мәсе­лелер бар. Ол үшін салық заңна­масын «бірінші» ҚҚС мәселесін шешу аясында, жеке қосалқы шаруашылықтарға ЖТС салығын, экспорт кезінде ҚҚС қайтару тетіктерін өзгерту керек. Төртінші. Қолжетімді несиелік ресурс көлемінің аздығы. Ол үшін несиеге қолжетімділікті онын құнын субсидиялау арқылы ұлғайту көзделеді. Бесінші. Кепілдің аздығы, жоғары тәуекелділік, қайта несиелендіру кезең­дерінің аздығы. Ол үшін қарыз­ды кепілдендіру, венчурлік қаржы­лан­ды­ру­ды белсенді түрде қолдану қажет. Сонымен қатар, жаңа өндірістерді белсенді енгізу, қолданыстағы бар қуаттылықтарда өндіріс көлемін ұлғайту; импорттаушылар тарапынан алақол бәсекелестіктен отандық тауар өндірушілерді қорғау қажеттілігі өзекті бола түсуде. Сарапшылардың пікірінше, үлкен көлемде инвестицияларды құю кезін­де нәтижеге жету үшін бірқатар мәсе­лелерді шешу қажет. Атап айтқанда, қазақстандық үлесті арттыру арқылы көлденең кедергілерден, демпингтік және жалған, яғни жасанды өнімдерден ішкі нарықты қорғау, ел ішінде тағам­дану мәдениетін дұрыс насихаттау. Бұл шаралар қайта өңдеу бойынша кешенді шаралардан көрініс таппақ. Осы жұмысқа бизнес құрылымдар белсенді түрде қатысуда. ҰКП-мен бірлескен жұмыс тобы құрылды. Олар өз кезегінде ішкі нарықты қорғау және оның бәсекелестігін жоғарылату бойын­ша берген ҰКП ұсыныстарын талқы­лай­ды, деп хабарлады Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінің баспасөз қызметі. Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».