• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Елорда 29 Маусым, 2022

Астаналық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі

187 рет
көрсетілді

Елордалық полицейлер аса ірі көлемде есірткі жеткізумен және сатумен айналысатын адамдарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 37 жастағы күдікті ұсталған. Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында оның гараждағы көлігінен салмағы 40 келі «марихуана» бар екі пакет тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.   Кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер дәрі-дәрмектің жеткізу арнасын, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтап жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Ақбаровтың айтуынша, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 170 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленген.