Қазақстан аумағында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
«1 шілде республиканың шығысында, 2 шілде батысында нөсер жауын, бұршақ жауады. Дауыл соғып, жел күшейеді. Солтүстік-батыс антициклонының көшуіне байланысты ауа температурасы төмендеп, күн суытады», делінген хабарламада.