• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2022

Цементсіз үй салған мердігерге айыппұл салынды

237 рет
көрсетілді

Нысан жаңадан құрылған Ұлытау өңіріндегі Жаңаарқа ауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша бой көтерген, деп жазады Egemen.kz.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша цементсіз көпқабатты үй тұрғызған мердігерге айыппұл салынды.

Тексеруді Жаңаарқа ауданы әкімдігі мен Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлімдері жүргізді.  Бірнеше қатар кірпіш қалаған кезде жұмысшылар цемент қолданбаған. Осыған байланысты үй толығымен бұзылмайды, бірақ сапасыз жерлер қайта жасалады.

Мемлекеттік құрылыс комитеті құрылыс мердігеріне 400 АЕК (шамамен 1,2 млн теңге) көлемінде айыппұл салынғанын хабарлады. Құрылыс барысын техникалық қадағалауды жүзеге асыруы тиіс сараптама ұйымына да айыппұл салынды. Айыппұл 60 АЕК-ті (шамамен 180 мың теңге) құрады, сонымен қатар, ұйым алты айға лицензиясынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар