• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2022

Алматыдағы өрттен төрт адам құтқарылды

167 рет
көрсетілді

28 маусым күні кешкілік Медеу ауданындағы караоке-барлардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мекеме үш қабатты әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.

Қалалық ТЖД мәліметінше, бірінші және екінші қабаттарда қою түтін мен жоғары температура пайда болып, үстінгі қабаттардағы адамдар сыртқа шыға алмай қалған.

«Терезелерден көмекке шақырды. Өртті сөндіру барысында төрт адам құтқарылды. Екеуі өрт сөндіру сатысы арқылы түсірілді, тағы екеуі құтқару қақпағын киіп, улы түтіннен шығарылды», дейді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, өртті сөндіруге 10 техника мен 35 құтқарушы жұмылдырылған.