• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2022

«Алтыналмас» – ESG-клубының негізін қалаушылардың бірі

234 рет
көрсетілді

Алтын өндіру ісінде айтарлықтай табысқа жеткен «Алтыналмас» компаниясы өз мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді. Күні кеше алпауыт ұжым ESG клубының негізін қалау­шы­лардың бірі атанды. Ал Ұлттық ESG клубы тұрақты даму және ESG қағидаттарын ілгерілететін жауапты инвес­торлар мен компанияларды жұмылдыру бойынша фронт-алаңға айналмақ.

ESG клубының мүшелері тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге, энергия тиім­ділігін арттыра отырып қор­шаған ортаға келер залалды барынша азайтуға, еңбек жағдайларын жақсартуға және адам құқықтарын сақтауға, сондай-ақ ESG саласындағы үздік тәжірибелерді таратуға ықпал етуді көздейді.

ESG клубын құру туралы келісімге қол қою рәсімі Astana Finance Days дәстүрлі қаржы конференциясы аясында өтті. Басқосу барысында конференцияға қатысушылар ESG қағидаттарын енгізуді қол­даудың заманауи трендтерін, сын-тегеуріндері мен шараларын жан-жақты талқылады.

Рейтингтік агенттіктердің әдіснамасына сәйкес ком­па­нияның ESG қызметін анықтайтын және экология, әлеуметтік жауапкершілік пен тиімді корпоративтік басқару салаларын қамтитын 70 бөлімі бар. Ал қаржы нарықтарын­да эмитенттері жеке компаниялар да, мемлекеттер де болып табылатын осы қызметті жақсартуға ба­ғытталған облигациялар шы­ғарылымының өсуі байқалған.

Сондай-ақ конференция­да ESG компанияларының қызметін қаржылық ынталан­дырудың ықтимал тетіктері туралы сөз болып, әлемдік практикадан мысалдар кел­тірілді. Атап айтқанда, ESG күн тәртібіне байланыс­ты мәсе­лелерді шешуге бағыт­талған жобаларды немесе бағ­дарламаларды жеңілдікпен қаржыландыру арқылы ком­паниялардың ESG қызметін ынталандыру мүмкіндігі артпақ. Бұл тұста компаниялардың тұрақты даму деңгейін арттыруға ғана емес, ESG бастамаларын іс­ке асыру арқылы өңірлердің экономикалық дамуына ықпал ететін фискалдық ынталан­дыру­ды қолдану мүмкіндігі де кеңеймек.

Компания өкілдерінің айтуынша, «Алтыналмас» ESG қағидаларын енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізе отырып, биылғы жылы ESG жоғары рейтингтік бағасын алуға ниетті.

Жаңа ұйымның серіктес­тері қатарында – «Астана халық­аралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, Еуразиялық даму банкі, Green Technology Hub, «Экономикалық зерттеу­лер институты» АҚ, «ESG Ұлттық тұрақты даму одағы» ЗТБ және Қазақстанның қаржы және өнеркәсіп секторларының басқа да кәсіпорындары бар.