Синоптиктер 30 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде дауыл соғады», делінген хабарламада.
Атап айтқанда, күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық болады.
Қызылорда, Алматы облыстарында, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.
Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.