Түркияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрі Фахреддин Қожа Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Науқастарымыздың бірінде маймыл шешегі табылды. Ол 37 жаста, иммунитеті нашарлаған. Дәрігерлер оны тексерді. Бұл ауру ауа тамшысы арқылы емес, жақын физикалық байланыс кезінде жұғады», деп мәлімдеді Фахреддин Қожа.
Мамандар маймыл шешегі ойлағанымыздан 12 есе тез мутацияланады деп ескертіп отыр. Оның мұндай жылдамдығы вирусты бұрынғы штаммдарына қарағанда әлдеқайда жұқпалы етеді.