• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2022

IQanat қанаттандырғандар

298 рет
көрсетілді

Елордада өткен IQanat республикалық оқушылар слетінде Қарағанды облысының намысын қорғаған Арман Айтқалиев биология пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды.

Дарынды жас Абай ауданындағы Корниенко атындағы қосымша білім беру мектеп-орталы­ғында оқиды.

Жеңімпаз ретінде Qanat High School of Burabay мектебінде оқуға шақырту алған Арман қуаны­шында шек жоқ екенін айтады.

– Әлі күнге дейін грант алғаныма сене алар емеспін. Мен үшін бұл керемет мүмкіндік. Болашақта қандай мамандықты таңдасам да, Қазақстан тарихында өз есімімді қалдыруды армандаймын. Осы бес күн ішінде біз ерекше ынталандыру мен білім алдық. Енді мұның бәрін дұрыс арнаға бағыттау керек, – дейді ол.

Арманмен бірге бұл слетте Қарағанды облысынан тағы да үш оқушы IQHSB іріктеу нәти­жесі бойынша тамаша нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Нұрдәулет Қаблан, Игорь Салаватов және Иван Фатеев те Qanat High School of Burabay жоғары технологиялық мектебіне оқуға ша­қырту алды.

Айта кету керек, IQanat республикалық оқу­шылар слетіне еліміздегі 164 ауданның ауыл­да­рынан келген 750 оқушы бақ сынады. Ал Қарағанды облысынан бұл сайысқа 34 оқушы қатысты.

 

Қарағанды облысы