Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысында Ұлттық комиссия мүшесі, «Талбесік» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ләззат Қожахметова қоғамда әкелердің рөлін көтеру үшін әр сынып жанынан әкелер кеңесін ашуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру – әке мен ананың жауапкершілігі бірдей болғанда ғана толыққанды жүзеге асады. Қазақстанда тұрмысы төмен отбасылардың басым бөлігін алимент алмайтын отбасылар құрап отыр. Осыған орай, алимент төлеуден жалтарған азаматтарға ХҚКО-да анықтамалар беру, кредит ресімдеу, банктік шоттарға тыйым салу, есептен шығару/есепке қою, көлік жүргізуші куәлігін алу қызметіне тыйым салуды ұсынамыз. Балалар ата-ананың рухани-материалдық қолдауын толыққанды сезінуі үшін алименттен жалтарған әкелерді әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікке тартуды күшейту керек», деп санайды ол.