Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселесі пысықталуда. Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біздің отандастарымыздың өмірінде «жұмыс» және «отбасы» арасындағы теңсіздікті байқап отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселесі пысықталуда. Бұл ретте сарапшылар кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар ата-аналардың барлығы бірдей құқыққа ие болуы керек деп есептейді. Осы мәселеге қатысты біз де уәкілетті органға тиісті ұсыныстар енгіздік», деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов.