• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2014

Бүкіләлемдік серия: Astana arlans - Baku Fires 3:2

258 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 сәуір. Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Astana arlans және Baku Fires командалары арасында Бүкіләлемдік бокс сериясының бірінші жартылай финалдық кездесуі аяқталды. Ол 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Шаршы алаңға бірінші болып 49 килодағы Теміртас Жүсіпов – Хамза Наметов жұбы шықты. Ұрыс астаналықтың жеңісімен аяқталды. Бірақ бұдан кейінгі екі жекпе-жекте де алаң иелері есе жіберіп қойды. Алдымен 56 килодағы Мәди Шолақов қарсыласы Гаирбек Гермахановтан ұтылды. Содан соң 64 килолық Асхат Уәлиханов та Гайбатулла Гаджиалиевтен аса алмады. Мұның есесіне, соңғы екі шайқаста да астаналықтардың мерейі үстем шықты. Мұны 75 килодағы легионер Сергей Деревянченко ұрыс барысында Солтан Мигитиновті нокаутқа жіберу арқылы бастап берді. Ал соңында 91 килодағы Василий Левит әріптесі Абдулкадыр Абдуллаевты (суретте) ұтып, командасына түпкілікті жеңіс алып берді. Енді қарымта матч мамырдың басында Бакуде өтеді. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: egemen.kz. Фото: ВКонтакте.