• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Шілде, 2022

Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды

181 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қаладағы ЖШС-лардың бірінің басшысы хабарласты. Өз сөзінде ол кәсіпорынның бұрынғы есепшісі пайда табу мақсатта қызметтік жағдайын пайдаланып, ақша жымқырғанын жеткізді.

«Соның салдарынан ЖШС-ға 4 300 000 теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде әйел адам өз кінәсін мойындады», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта ол қолхатпен босатылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігіне (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.